kurmanov_150x200_21c2d278e79f8335b55efb4badf1a844Разрешите мне от имени сотрудников Департамента по чрезвычайным ситуациям Атырауской области поздравить Вас с замечательным праздником весны — Наурыз мейрамы!

Светлый весенний праздник Наурыз пришел к нам из глубины веков. На Востоке он был не только символом наступления Нового года, но и обновления природы, доброты, взаимопонимания и уважения.

Наурыз утвердил гуманные устремления людей, готовность проявлять добрую волю, помощь нуждающимся, заботу о мире и согласии в народе. Именно поэтому Наурыз во многих странах, в том числе и в Казахстане, стал государственным праздником, а его мудрые обряды и традиции остаются образцами высокой нравственности и духовности.

День весеннего равноденствия знаменует начало нового периода. В этот день мы осмысливаем пройденное время, подводим итоги, строим планы на будущее. В нашей стране сделано немало, чтобы повысилось благосостояние населения, развивались сельское хозяйство, малый и средний бизнес, улучшался облик наших городов и сел, становились качественными образовательные и медицинские услуги.

В свою очередь Департамента по чрезвычайным ситуациям Атырауской области прилагает все усилия по укреплению достигнутого, сохраняя жизнь, здоровье граждан, государственного и частного имущества, а также охрану окружающей среды. И это позволяет нам встречать нынешний праздник с оптимизмом и уверенностью в будущем.
Примите искренние слова поздравления и пожелания счастья, благополучия, добра и здоровья вам и вашим близким.

 Курманов Марат Рафикович,

 Исполняющий обязанности начальника  ДЧС Атырауской области полковник

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын!

музколледжТарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз — көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол — өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.

Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!

Ақ тілекпен: «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі директоры, өнертану       ғылымдарының кандидаты, ҚР Білім беру ісінің үздігі – Садуахасова Гүлнара Манапқызы

Жаксимова НазгульТәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпы халықтық сүйікті мерекеге айналды. Көктемнің осы бір шағында табиғат қана түлеп қоймай, қоғамның ынтымағы мен бірлігін, бейбітшілігі мен түсіністігін нығайтатын адам даласының да жан-дүниесі жаңғыра түседі.

Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні жер бетіндегі қанды соғыстар, дау-жанжалдар тоқтатылып, адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген. Халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген.

Қазақстандағы жүздеген ұлт пен ұлыстардың өкілдері бір-бірімен тату-тәтті, берекелі өмір сүріп жатыр. Әз Наурыздың адам баласын ізгілік пен сыйластыққа, ынтымаққа тәрбиелейтін тереңнен тартар ежелгі қасиетін біз барлық қазақстандықтардың бойына дарытуға, оны өз өміріміздің салтына айналдыруға міндеттіміз.

Бәріңізді көктемнің жарқын мерекесі Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Наурыз күні ойға алған барлық арман-мұраттарыңыз орындалып, үміттеріңіз ақталуға жазсын!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Назгүл Орынғалиқызы Жақсымова

Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетінің

Атырау қаласындағы Аймақтық қашықтықтан оқыту орталығының директоры