20150325210338 (1)Елімізде қоғамдық келісімді одан әрі нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтың ұлттық бірлігін қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ресми түрде 2015 жылдың 6 ақпаннан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланды.

«Қазақстан халықтар Ассамблеясына — 20 ізгі іс» атты эстафетаның символы 6 ақпанда Түркістан қаласынан әкелінген қасиетті «Тайқазан» Астана қаласының әкіміне табыс етілді. Енді ол еліміздің барлық өңірлерін аралап, ҚХА ХХІІ сессиясының ашылуы қарсаңында ізгі істерге «толтырылып», Астанаға қайта оралады.

Қазіргі уақытта «Тайқазан» Ақмола облысының Көкшетауда, Солтүстік Қазақстанда, Павлодарда, Өскеменде, Шығыс Қазақстанда, Алматыда, Жамбылда, Талдықорғанда,

19 наурыз күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма екінші сессиясы  23 сәуір күні Астана қаласында «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» күн тәртібімен шақырылсын делінген Өкімде.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы-20 ізгі іс» эстафетасының символы Тайқазан Маңғыстау облысынан Атырауға салтанатты түрде тапсырылды.

Түркістаннан шыққан татулық, бірліктің Тайқазаны бірнеше облыстарды аралап, Оңтүстік Қазақстаннан Маңғыстауға келіп, енді Атырауға жол тартты. Салтанатты табыстау рәсімі «Ренессанс» қонақ үйінде өтті. Оған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары Рақымбек Әміржанов пен Бану Нұрғазиева, Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан, аймақтағы этно-мәдени бірлестіктердің басшылары мен Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Достық үйі» мекемесінің мамандары қатысты.20150325212231 (1)

«Өлкемізге жеткізілген жәдігердің көшірмесі 21 наурызда Мұнайлы, Қарақия аудандарында болса, 22 наурыз күні — Наурыз тойында халықтың көзайымына айналды. Наурыз мейрамында мұнайлы аймақтың этно-мәдени бірлестік мүшелері ағаш егіп, жұртшылықты бірлігі жарасқан Қазақстанды жасыл желекке айналдыруға шақырды. Өңірде түрлі бағытта қайырымдылық ша¬ралары ұйымдастырылды.

Енді «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» акциясының эстафетасы көршілес аймаққа аттанады», — деді Рақымбек Әміржанов. Мұнан соң ырысқа бастаған ізгі істердің символы болған Тайқазанды облыс әкімінің орынбасары Б.Нұрғазиева Атырау облысының делегациясына табыстады.

Өңірде қазіргі таңда 20 ұлттық-мәдени бірлестік жұмыс жасайды. Барлығы бір шаңырақ астынан орын берген Қазақ елін ортақ Отаным деп санайды. Ассамблеяны ұлт бірлігінің бастауы деп танитын Маңғыстау жұрты тайқазанның сол бірлікті одан әрі қарай нығайтатыны¬на сенімді. Сондықтан да шара аясын¬да көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіліп, ұлттың бірлігі ұлықталады. Мәселен, Жаңаөзен қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық көмек көрсету үшін мемлекеттік қызметкерлер 1 күндік жалақыларын (300 мың теңге) табыстаса, Теңге ауылында тұратын әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың үйлеріне асар жасап, жөндеу жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ, шара аясында Түп¬қараған ауданын¬да 20 аз қамтылған отбасына 10 мың теңгелік сертификат және
50 тыл ардагеріне «Шағала» сауықтыру орнына тегін жол¬дама берілген. Ал, Басқұдық ауылдық округінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «70 жылға-70 тал» және Мұнайлы ауданы бойынша әрбір ауылдық округтен 20 отбасына қайырымдылық акциялары ұйымдастырылған.

Енді ізгі тілектерге толы «Тайқазан» эстафетасы Атырауда болып, одан әрі Батыс Қазақстан облысына жеткізілетін болады. Жұртты бірлікке шақырған тайқазан сәуір айында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында Елбасына тапсырылмақ.

— Қазақстан мен Қырғызстанның аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған қазандарды ғалымдар екі түрге бөліп қарастырады, сонда  оның біріншісі – «сақтық» немесе конусты тұғыры бар қазандар, екіншісі – тұғырсыз қазандар. Естуімше, кесенедегі Тайқазан «сақтық» типтегі қазанға жатады. Алып қазан жасау – көне сақ, ғұн, үйсін дәуірлерінен жалғасып келген дәстүр екенін тарихи деректер айғақтайды, — дейді ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиев.

Исатай ауданының Құрметті азаматы Ізбасхан Хисин «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарған» Қазақ елінің дамудың даңғыл жолында екенін айтады. «Бірлік бар жерде тірлік бар». Елдегі татулық, ынтымақ пен береке – басты байлығымыз. Ал, еліміздің тұрақтылық пен татулық бекетіне айналуына Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен үлес қосып келеді.

Биылғы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының басты идеясының «Менің елім – Мәңгілік ел» болуы да осы себепті. Барша қазақстандықтың басын қосқан аталмыш қоғамдық ұйым ел бірлігін нығайту жолында игі бастамаларға жол ашып, татулықтың таптырмас үлгісін көрсетіп отыр. Біздің өңірімізде де осы қағиданы негізге алған барша ұлт өкілі тұрақтылық пен келісімді паш етіп, этносаралық қарым-қатынасты арттыруға барынша атсалысып келеді.

Өңіріміздің қарқынды дамып, халықтың әл-ауқатының  көтеріліп, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық қуатының жоғары дәрежеге көтерілгенін көріп отырмыз. Селолық округтердің  инфрақұрылымын жетілдіру, елді мекендерді абаттандыру жұмыстары жоспарлы жүргізілуде. Мұның бәрі елдегі, өңірдегі тыныштықтың арқасы. Қоғамдық бірлікті ту етіп ұстау арқылы ғана біз алдымызға болашағы күшті, өркендеп, дамыған еліміз туралы ұлы мақсаттар  қоя білдік. Бірлігі мен берекесі жарасқан елдің болашағы да баянды болмақ.

Руслан ХАМЗА, Атырау қаласы