Осы аптадан бастап Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде Наурыз мейрамына байланысты шаралар топтамасы өтуде. Атап айтсақ, 17 наурыз күні  Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие бөлімінің оқытушылары мен студенттері «Жаңғырсын ата- салт дәстүріміз!» атты үлкен тәрбиелік шара өткізді. 18 наурыз күні «Наурызым, хош келдің!» атты тәрбие сағаты Филология бөлімінде және сол күні Мектеп бөлімініде «Береке басы – Әз Наурыз» атты тәрбиелік шара өз деңгейінде өткізсе, Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие бөлімінің оқытушылары мен студенттері Қарттар үйіне барып, мереке алдында қарттарымыздың көңілдерін көтеріп, концерт қойып келді.

19 наурызы күні (бұрынғы №2 асхана) ғимаратында «Зағиптар қоғамының» наурыз мерекесін ұйымдастырып, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледж оқытушылары мен студенттерінің атсалысуымен өткізілді.

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі әкімшілігі                20 наурызы күні Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледж алаңында «Рухани жасарған, Әз – Наурыз жасанған» атты мерекелік шарасы қуанышпен аталды.

22 наурызы күні Балықшы мөлтек ауданында қалалық Наурыз мерекесіне арналған шарада колледж студенттері өнер көрсетті.

Руслан Хамза