2015 жылдың 19 наурызында жергілікті уақыт 09.00-ден 17.00-ге дейін онлайн режимінде Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетовтің Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жыл,ы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаттары бойынша интернет-конференциясы өтеді.

Өңір тұрғындары өздерін толғандырған, көкейлерінде жүрген мәселелер бойынша сұрақтарды, ұсыныстар мен пікірлерді www.egov.kz Қазақстан Республикасы электрондық Үкімет порталының «Интернет-конференция» бөлімінде көрсетілген уақыттың ішінде қалдыра алады.