Ж.БисеноваҚазақстан халқы ассамблеясының Президент сайлауын өткізу туралы жасаған ұсынысы – бүгінгі күні көпшіліктің қолдауына ие болып отырған саяси мәні зор маңызды мәселе. Әлемде тұрақсыздық – экономикалық қиыншылықтар кездесіп жатқан қазіргідей тұста, қазақстандықтардың мандай тірері – жақсылыққа толы, жаңалыққа бағыт-бағдар берген Елбасы Жолдауы.

Халықты қиыншылықтарға ұрындырмай алып өтуге бағытталған бұл Жолдау – тарихта қалатын құнды құжат. Дер кезінде жасалынған ұтымды шешім, батыл бастама болды.

Денсаулық сақтау саласындағы басты басымдылық алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жақсарту болып табылады. Бүгінгі күні білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, тағы басқа салаларды мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыстар ұтымды жүргізіліп, маңыздылығы ашыла түсуде. Халықтың игілігі үшін жасалып жатқан бұл онды іс одан әрі өз жалғасын тауып, Жолдау тапсырмаларымен үндестікте іс жүзіне асары сөзсіз. Елбасымыз өз бастаған істерін өзі батыл жүргізуі үшін мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізудің рөлі маңызды деп ойлаймын.

Мәңгілік ел – барша қазақстандықтардың басты идеясы. Берік ауызбірлікті қалыптастыратын қуатты күші. Оның ьастауы біздің мемлекет үшін тым тереңде жатыр. Алда бізді талай тарихи белестер күтіп тұр. Осы бір сара жолда бізді игіліктерге бастайтын тынымсыз еңбек, қажыр-қайрат және іргесі берік ұлы достық екені даусыз.

Жібек БИСЕНОВА,

«Болашақ К» қоғамдық қорының төрайымы.

 

ХАЛЫҚТЫҢ МҮДДЕСІНЕ САЙ КЕЛЕТІН ЕҢ ДҰРЫС ШЕШІМ

А.Беккужиева Қазір елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндегі Үндеуі қызу талқылану үстінде.  Келер жылы парламенттік сайлау өтетін болғандықтан, биыл кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бастамасын халықтың мүддесіне сай келетін ең дұрыс шешім деп санаймын.

Елбасы Жолдауда тайға таңба басқандай атап көрсеткен негізгі міндеттер бастамасын тапқан ауқымды істердің әрі қарай жүзеге асуына, халқымыздың әл-ауқатының одан әрі жақсаруына мүмкіндік еберді.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Елбасының көрегендігінің арқасында талай сындардан сүрінбей өтіп келеді. Мемлекет басшысы көпұлтты еліміздегі береке-бірлікті нығайтып, саяси, әлеуметтік тұрақтылықтың берік орнығуымен қоса, әртүрлі салалардың, соның ішінде, шағын және орта бизнестің дамуына үйытқы болды. Осы бағытта Үкіметке кәсіпкерлікті, дамытуға тың серпіліс беретін жүйелі іс-шараларды дайындап, оны жүзеге асыруды, бірінші кезтекте шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын қаржыландыруға қол жеткізуді нақты тапсырды. Осы мақсатта Елбасының қолдауымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры құрылып, белсенді жұмыс жүргізуде. Бизнес пен биліктің тиімді әріптестігі негізінде кәсіпкерлікті  дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы да ауқымды істер атқаруда. Сонымен қатар, саланы өркендете түсіру үшін нақты мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асуда.

Бұлардың барлығы – Мемлекет басшысының таразыланып, талданып, ширыққан ойларынан туындаған бағдарлар. Демек, оларды толық жүзеге асыру жолында біз басталған жұмысты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлымен бірге жалғастыра беруіміз керек. Сонда ғана нәтиже болады.

Әлия БЕКҚОЖИЕВА,

Облыстық кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағының төрайымы.

 

МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ – БЕЙБІТШІЛІК, КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БІРІЛІГІ

Гульсина БайкеноваҚазақстан тәуелсіздік алған жылдары даму жолында талай қиын кезендерден өтті. Елімізде саяси тұрақтылық орнап қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық даму бағытымыз айқындалып, халықаралық деңгейде үлкен құрметке ие болдық. Көршілермен достық қарым-қатынастағы мазмұнды байланыс орнатып, алыстағы мемлекеттермен де сауда-экономикалық тұрғыда келісімдерге қол жеткізіліп, жетістігіміз шетелдерде паш етіліп жатқанда көңіліміз марқайып қалады.

Елбасы Нұрсұлтан назарбаев ұсынған «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру арқылы елімізде тқрақтылық сақталып отыр. Экономикамыз дамуда, халық әлеуметтік қамқорлықтан кенде емес.

Мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің жетекшісі ретінде Ассамблея кеңесінің мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу жөніндегі ұсынысын толық қолдаймын.

Гүлсина БАЙКЕНОВА

«Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің жетекшісі.

СТРАНЕ НУЖЕН НАДЕЖНЫЙ И СИЛЬНЫЙ ЛИДЕР

Палата предпринимателей Атырауской области поддержала идею членов Совета Ассамблеи народа Казахстана о проведении досрочных выборов Президента Республики Казахстан. Заместитель по экономическим вопросам Палаты предпринимателей Атырауской области Е.Кайранбаев отметил, чтобы реализовать цели и задачи Посланий Президента народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050», «Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее», «Нурлы жол – путь в будущее», стране нужен надежный и сильный Лидер, который поможет успешно довести до конца все государственные программы.

— Национальная палата предпринимателей от лица всех предпринимателей, фонда развития предпринимательства «Даму» всецело поддерживает инициативу членов Совета Ассамблеи народа Казахстана, – заявил Е.Кайранбаев. – Если проанализировать все программы, инициатором которых является наш Глава государства, к примеру, «Дорожная карта бизнеса – 2020», без преувеличения можно сказать, что она не имеет аналогов среди стран СНГ. К примеру, с задачами по ликвидности помогут справиться новые антикризисные программы, о которых говорит Президент в своем Послании народу Казахстана «Нурлы жол – путь в будущее», – подчеркивает Е.Кайранбаев. – Обратите внимание, чтобы поддержать наших производителей, чтобы больше казахстанского товара приобреталось, для удобства покупателей во всех торговых помещениях вывешены таблички «Сделано в Казахстане».

Также он обратил внимание, что на расширенном заседании Президент еще раз доказал, что держит свою руку на пульсе экономики страны. Все поставленные Главой государства цели соответствуют всем требованиям нынешнего времени.

— Являясь гарантом Конституции и настоящим Лидером нации, Глава государства в сложившейся ситуации принял это беспрецедентное, единственно верное политическое решение во имя интересов всей страны, – отметил       Е.Кайранбаев. – Глава государства показал всему мировому сообществу, что интересы народа для него превыше всего. Учитывая, что Президент в своем Послании народу Казахстана четко и недвусмысленно отметил, что готов и дальше работать во имя процветания и благополучия страны, решение о проведении досрочных выборов – наиболее оптимальный вариант, который будет способствовать дальнейшему развитию Казахстана.

Пресс-службы Палаты Предпринимателей Атырауской области

 

ЕЛБАСЫНЫҢ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ САЯСАТЫ

Елімізде қоғамдық келісімді нығайту, Қазақстан халқының ұлттық бірлігін қамтамасыз етуде Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін одан әрі арттыру мақсатында, Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қаулысымен 2015 жыл — Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы болып жарияланды. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы – бұл Қазақстан халқының қоғамдық келісімі мен бірлігі, бейбітшілік жылы, алдағы оқиғалардың басты маңызы, еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың этникааралық толеранттық және қоғамдық келісімнің бірегей қазақстандық үлгісін ауқымды түрде жариялау.

Қазақстанның әр аймақтарында, Астана және Алматы қалаларында Ассамблеяның төменгі ұйымдары бар. Біздің облысымызда Ассамблеяның тұрақты мүшесі – ұлттық – мәдени орталығы – өздерінің мәдениеттерін толықтай және тең дамытуды қамтамасыз ету бойынша көптеген мақсатты жұмыстар жүргізеді. Ассамблея қызметінің басты стратегиялық бағыты — қоғамдық келісім болып табылады. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан дамуының негізгі тұрақтылығын қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты болды. Қоғамдық келісім болмаса, әлеуметтік – экономикалық және саяси өзгерісті жүргізу мүмкін емес. Көп этникалық қоғамда ұлттық бірлік және үйлесімді ұлтаралық қарым-қатынас болмаса қоғамдық келісімге жете алмайды. Түрлі шаралар кезінде бірнеше халықтар қатысады. Халық арасында сауал жүргізген кезде, олардың 90 пайызы Ассамблея Қазақстан халқы мүддесін көрсететіндігіне сенімді. Қорытындылай келе, облысымызда және республикада түрлі шараларды өткізу кезінде ұлт бірлігін нығайту, Елбасының бейбітшілікпен келісім саясаты төңірегінде қоғамның бірігуі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясының, 2020 жылға дейін Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту тұжырымдамасының мақсатына жету, «Бір ел, бір халық» мемлекеттік саясатына негіз болатын принципті дамыту болып табылатындығын атап өткім келеді.

Самал АБИРОВА

 Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ

кәсіби даярлық мектебінің бастығы,

өртке қарсы қызмет подполковнигі