Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен мемлекеттік қызметтер 2013 жылғы 15 сәуірдегі ҚР «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңы, 09.02.2015 ж. №45 Мемлекеттік қызметтер тізілімі, 31.12.2013 ж. №1567 Мемлекеттік қызметтер стандарттары негізінде көрсетіледі.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Атырау филиалымен жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтердің келесі түрлері көрсетіледі:

-валюталық операцияны тіркеу;

-валюталық операция және шетелдік банктегі шот туралы хабарламаны растау;

-уәкiлетті ұйымдарға шетелдiк валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру;

-микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу.

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін жеке немесе заңды тұлға (қызметті тұтынушы) өтінішпен және оған жалғанған Мемлекеттік қызметтер стандарттарында белгіленген құжаттар пакетімен ҚР Ұлттық Банкі филиалына хабарласуы қажет.

«Уәкiлетті ұйымдарға шетелдiк валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» және «Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу» сияқты мемлекеттік қызметтерді алуға қызметті тұтынушы Ұлттық Банк филиалына қағаз түріндегі өтінішпен, сондай-ақ www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы хабарласа алады. Бұл ретте құжаттар сканерленіп, электронды түрде ұсынылады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер қорытындылары бойынша тұтынушы көрсетілетін қызметтің уақтылылығы, көрсетілетін қызметті ұсыну процесінің сапасы, көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі туралы ақпараттың қол жетімділігі, персоналдың сыпайылығы сияқты көрсеткіштер бойынша Көрсетілетін қызметті алушының пікіртерім карточкасын толтырады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы сұрақтар туындаған жағдайда қызметті тұтынушы Ұлттық Банкінің Атырау филиалына Атырау қ., Уалиханов к-сі, 2а мекен жайы, №202, 306, 307 кабинет, 32-85-67, 32-20-04, 32-85-67 телефондары бойынша хабарласуына болады.

Гульсим КУЛЫМОВА

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Атырау филиалы Экономикалық талдау және статистика бөлімінің

Бас маман-экономисі